Депутаттар ауыл шаруашылығы нысандарында болды

Oinet.kz 26-08-2021 884

2.jpg

Парламент Мәжілісінің депутаттары «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Дархан Мыңбай мен Елнұр Бейсенбаев арнайы жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданында болды. Іс-сапар барысында кәсіпкерлік және ауылшаруашылық саласының мамандарымен кездесіп, жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Халық қалаулырлары алдымен Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан «Бес Қара» ЖШС-нің мал бордақылау алаңында болып, мал бордақылау алаңының директоры М.Абдибаевпен тілдесті.

Айта кетсек «Бес Қара» ЖШС-нің мал бордақылау алаңы 1000 бастық мал бордақылауға жоспарланған. Бүгінде 230 бас мал сатып алынып, бордақылануда. Қазіргі таңда мұнда 15 адам жұмыс жасауда.

Одан әрі мәжілісмендер Сарыағаш ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне келіп, кітапхана ұжымымен кездесті. Кездесу партияның «Заманауи білім орталықтары» бастамашыл жобасы аясында ашылған коворкинг алғаш орталығынан басталды. Содан соң, балалар кітапханасы мен оқырман залында кітап қорымен танысып, кітапханашылармен тілдесті. Жиын барысында кітапханашылардың өтініштерін тыңдап, естелік жазба қалдырған Мыңбай Дархан Қамзабекұлы кітапхана ұжымына, сәттілік тіледі. 

Әрмен қарай Сарыағаш аудандық орталық кітапхананың ғимараты, алдында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушы азамат Айтбаев Даниярмен кездесіп оның мемлекеттік грант алу арқылы іске асырған кәсібімен танысып, қолдау көрсетті. 


Мәжіліс депутаттары Сарыағашта
Сарыағашта екпе салу қарқынды жүріп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу