Созақта «Street workout» және балалар ойын алаңы ашылды

Oinet.kz 15-08-2021 758

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе ауыл округі мен Аққолтық елді мекенінде «Street Workout» және балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.

image.png

Созақ аудан әкімдігі және «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ кәсіподақ ұйымымен үш жақты меморандум нәтижесінде «Street Workout» және балалар ойын алаңды орнатуға қолдау көрсетілді. Бұл спортты ынталандыру жөніндегі бастаманы «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ қолдап, демеушілік жасады.

Ашылу салтанатына Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов пен «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ, «Орталық» өндіруші кәсіпорны» ЖШС директоры Жұмағали Маркенбаев арнайы қатысып, жаңа спорттық алаңшасының лентасын салтанатты түрде қиды.

- «Ауылымызда «Street Workout» пен балалар ойын алаңының ашылуына куә болып отырмыз. Созақ ауданы әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ әлеуметтік жобаларды қолдау аясында біршама істер атқарылды. Былтыр Баба ата елді мекенінде балалар ойын алаңы салынған еді. Ол ауыл тұрғындары жиналып, уақытын тиімді өткізетін тамаша орынға айналды», – деді Жартытөбе ауыл округінің әкімі Болат Есенқабыл.

Жартытөбе ауыл округі мен Аққолтық елді мекенінде ашылған «Street Workout» және балалар ойын алаңы 900 шаршы метрді құрайды. Онда 24 түрлі жатттығуға арналған спорттық құрал-жабдықтар және балалар ойнайтын ойыншықтар бар. Жалпы, Жартытөбе ауыл округінде волейбол, футбол, бокс, күрес сынды үйірмелер жұмыс істейді.

Ауыл тұрғындары мұқтаж жандарға асарлатып үй салуда
Депутаттар жасанды тыныс алу аппараты мен оттегі баллондарын табыстады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу