Түркістан облыстық Ардагерлер ұйымының VIII есеп беру-сайлау конференциясы өтті

Oinet.kz 06-08-2021 505

Түркістан облысының әкімдігінде облыстық Ардагерлер Кеңесінің VIII есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияны ашып, жүргізген – Кеңестің төрағасы Ж.Мәуленқұлов. Жиналысқа Республикалық «Ардагерлер ұйымы» Орталық кеңестің төрағасы Ізмұханбетов Бақтықожа Салахатдинұлы арнайы қатысты. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, облыстык мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев, жазушы, «Жазушылар одағы» басқармасы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов қатысқан конференцияға аудан, қала әкімдері, аудандық, қалалық ардагерлер ұйымынан сайланған делегаттар «онлайн» режимімен қатысып отырды. Басқосуда Түркістанның дамуы туралы кеңінен айтып өткен облыс әкімі тұтастай Түркістан облысының дамуы жолындағы еңбектері үшін облыс жұртшылығы атынан ардагерлерге алғыс білдірді.

image.png

Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды: Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің есебі және міндеттері, тексеру комиссиясының есебі, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелерін, тексеру комиссиясының мүшелерін және Республикалық VIII съезге делегаттар сайлау. Облыстық ардагерлер кеңесінін төрағасы 5 жыл көлемінде атқарылған ауқымды жұмыстар туралы кеңінен есеп берді.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ардагерлер – біздің алтын қорымыз, мақтанышымыз. Олар еліміздің ертеңі үшін қан төкті, туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек етті. Сондықтан біз олардың еңбектерін әрқашан да ұмытпай бағалап, ардагерлерге ілтипат, құрметпен қатар тұрмыстық-әлеуметтік қамқорлық көрсетуіміз керек», - деп айтқан тыл ардагерлерінің әлеуметтік және тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша атқарған жұмыстар туралы баяндады.

Республикалық «Ардагерлер ұйымы» Орталық кеңестің төрағасы Ізмұханбетов Бақтықожа Салахатдинұлы Түркістан облысында құрылған «Әкелер мектебінің» еліміздің өзге өңірлерінде үлгі ретінде көрсетілетінін айтып, есепті кезеңде атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.

Өмірзақ Шөкеев жаңадан сайланған ауыл әкімдеріне проблемалар картасын жасауға кеңес берді
Түркістанда елімізде баламасы жоқ туристік-рекреациялық орталық салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу