Әрі арзан, әрі сапалы
Созақ ауданында аудан халқының ұсынысына сәйкес аудан орталығы Шолаққорған ауылы Жібек жолы-1 көшесі бойында Мыңжылқы мәдениет үйі мен Қазпочта мекемесінің ортасындаға алаңшада Созақ ауданының ауыл шаруашылық өнімдері сатылуда. «Жанболат» шаруа қожалығы қарбыз өнімінің килограммын 40 теңгеден, қауынның килограммын 100 теңгеден және қиярдың килограммын 100 теңгеден саудалуда.
Осындай шараны ұйымдастырудағы мақсат халықты мейілінше әрі арзан әрі сапалы өніммен қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші шарушылықтарды қолдау.
Естеріңзіде болса, былтыр халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:
- Жеке шаруашылық миллиондаған ауыл тұрғындарына табыс табуға мүмкіндік бере алады. Оларды өңір¬лік азық-түлік хабтарын құруға жұ¬мыл¬дыру керек. Біз горизонтальді кооперацияның әлеуетін де естен шығармауымыз қажет. Онсыз агроөнеркәсіп кешенінде қарқынды даму болмайды. Басы бірікпеген жеке қосалқы шаруашылықтар, шын мәнінде, өлместің күнін көріп отыр. Бұл ретте, сапалы әрі мол өнім өндіру, үздіксіз тауар жеткізу туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз. Бәсекеге қабілетсіздік пен импорттан арыла алмай отыруымыздың себебі де осында.
Кооперация кезінде жер және басқа да мүлікке қатысты барлық құқықтар сақталады. Кооперация шаруашылықтарға шикізат сатып алу, өнім өндіру және оны сатуды ұйымдастыру барысында күш жұмылдыруға мүмкіндік береді. Ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзан бағаланады. Бұл – жасырын емес. Табыстың басым бөлігіне алыпсатарлар кенеліп жатады,-деп атап өткен болатын.