«Бақытты қалаға бір билет» байқауының жеңімпазы Шымқалаға келді

Oinet.kz 17-07-2021 1058

Screenshot_13.png

Үшінші мегаполисте туризмді дамыту бағдарламасының орындалуы қарқын алып келеді.Сала мамандары қала туризмін дамытуда көптеген тың жобаларды қолға алған. Соның бірі Шымкент қалалық «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ағымдағы жылғы 25 мамыр мен 5 маусым аралығында өзге аймақтың тұрғындары арасында "Бақытты қалаға бір билет" байқауын өткізген болатын.

Аталған байқау әлеуметтік желі қолданушылары арасында ұйымдастырылды.  Мақсаты – қаланың туристік имиджін дамыту әрі шаһардың көрікті орындарын насихаттау еді.

Байқауда 500-ге жуық адам бақ сынады. Солардың ішінде  Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Айдана Үсенова байқаудың барлық талап-ережелерін орындап, тікелей эфир барысында көп ішінен    жеңімпаз атанды.

Жеңімпазға Шымкент қаласына тегін әуе билеті, «Rixos Khadisha» қонақ үйіне бір күндік ақысыз демалыс, «Сандық» мейрамханасынан кешкі ас ішу және Шымқаланың басты туристік нысандарын «RollsRoyce» көлігімен аралау мүмкіндігі бұйырды. 

-Осы байқауға қатысып, жеңімпаз атанғаныма қатты қуандым. Шымкенттің қонақжай келбетіне өзім куә болдым. Қаладағы киелі орындар мен көрікті жерлерді тамашаладым. Керемет әсер үшін алғысым шексіз. Бақытты қаладағы ғажайып, ұмытылмас естеліктер үшін рахмет -деді Айдана Үсенова. Жеңімпаз Айдана Асылбекқызы екі баланың анасы. Өзінің айтуынша Шымкенттің көрікті әрі тарихи орындарында бұрын соңды болмаған.  

Айта кету керек, әлеуметтік желі қолданушылары арасында ерекше қызығушылық оятқан байқау жалғасын таппақ.


Жастар жұмыссыз қалмайды
Екпе алмағандар 7 күн сайын тест тапсырады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу