Су нысандарын жөндеу-өзекті мәселе

Oinet.kz 14-07-2021 1022

2.jpg

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Сырым Ертаев Түлкібас ауданына арнайы іссапармен келіп, бірақтар нысандарды аралады. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сырым Махамбетұлы жұмыс сапарын ауданда ең өзекті мәселелердің бірі ағын су нысандарының бүгінгі жай-күйімен танысумен жалғастырды. Ұзындығы 25,4 шақырымды құрайтын «Құли» каналын аралады. Жалпы Түлкібас ауданы аумағында 115 су нысаны Республикалық «ҚазСуШар» мекемесінің теңгерімінде. Аталғын су нысандарының халық үшін маңызды деген 13-не өткен жылдан өтпелі болып күрделі жөндеу жұмыстары іске асуда. 13 су нысаның жалпы ұзындығы 125,32 шақырымды құрайды. Жөндеу жұмыстары аяқталған жағдайда 7015 гектар жер қайта айналымға қосылмақ. Су нысандарының жөндеу жұмыстары бүгінгі таңда 25 пайызға ғана аяқталып, егін шаруашылығымен күн көріп отырған аудан тұрғындарына ыңғайсыздық туғызып отыр. Жұмыс сапасына қатысты кемшіліктер мен аудан тұрғындарынан жобаға өзгерістер енгізу жөнінде (мал өткелдері, мал суаттары, көлік өткелдері мен су өткізгіштерінің көлемін ұлғайту, тб) ұсыныстар Су комитетіне жіберілген. 

Халық көтеріп отырған бұл мәселенің өзектілігін жеткізген аудан әкімі Нұрлан Байғұт пен аудан мәслихатының депутаттары, аудан тұрғындары атынан аталған мәселені шешіп беруге ат салысуын сұранды.

Мәжіліс депутаты аудан басшысы мен жергілікті халық қалаулылары көтерген мәселенің маңыздылығын ескеріп, су комитетіне арнайы ұсыныстар дайындайтының атап өтті.


Парламент депутаты түлкібастықтармен кездесті
Майлыошақ Қызылордаға көмек жіберді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу