Күн тәртбінде - кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс
Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстылық жағдайдың алдын алуға бағытталған профилактика жұмыстарының тиімділігін арттыру, мекеме аралық іс-қимыл мен байланысты жетілдіру, өзара ықпал жасау шараларын ұйымдастыру бойынша Түлкібас ауданындағы М.Ломоносов атындағы мектептің акт залында мәжіліс болып өтті.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев, аудан прокуратурасының прокуроры Б.Сапарбек, аудандық полиция бөлімі, төтенше жағдайлар, ішкі саясат, адами әлеуетті дамыту, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің және аудандық «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері қатысты
Мәжіліс қорытындысымен мекемелер арасында кешенді жоспар бекітілді. Айта кетері, бала құқығы, бала тәрбиесі бүгінде қоғамдағы ең өзекті мәселе болып отыр. Былтыр халыққа арнаған Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев интернеттің бала тәрбиесіне әсері туралы мәселе қозғап,
Бұдан ең ал¬дымен балалар зардап шегуде. Олар интер¬нет арқылы тараған қоқан-лоқының әсерінен қатты қиналады. Өкініш¬ке қарай, соның салдарынан қайғылы жағдайға да ұшырап жатады. Азамат¬тарды, әсіресе балаларды кибербуллингтен қорғау жөніндегі заңнамалық шараларды қабылдайтын кез келді. Балалар құқын қорғау жөніндегі бас¬қа да шараларды күшейту керек. Атап айтқанда, Бала құқы жөніндегі конвен¬цияның хабарлау рәсіміне қатысты фа¬куль¬тативтік хаттамасына қосылу қажет. Азаптаумен күрес жөніндегі ұлт¬тық заңнаманы жетілдіру мәселесі маңыз¬дылығын жойған жоқ. Азаптағаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгілейтін бұл құжатты Азаптауға және басқа да қаты¬гез, адамгершілікке жатпайтын іс-әре¬кеттерге қарсы конвенцияның ереже¬леріне сәйкестендіру керек,-деген болатын.