Қала әкімі «Сайманның» құралдарымен танысты

Oinet.kz 02-07-2021 1360

Screenshot_12.png

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов электр энергиясы саласында танымал «Сайман Корпорациясы» ЖШС-гі өнімдерінің таныстырылымына қатысты.

Бұл электр энергиясын есептеу құралдары өндірісінің толық циклі бар отандық аспап жасау саласындағы жетекші кәсіпорын болып табылады.

Әкім назарына кәсіпорынның электронды электр және газ есептегіштерінің, ток трансформаторларының, электр энергиясын өлшеудің ішкі және сыртқы шкафтары, панельдік жабдықтар, жарықдиодты өнімдер, электр энергиясын есептеудің автоматтандырылған жүйесі мен сыртқы жарықтандыруды басқарудың автоматтандырылған жүйесі ұсынылды.

Қала басшысы әрдайым отандық өнімді қолдайтынын айтып, қаладағы кәсіпорындар мен мекемелерге аталған корпарацияның өнімдерін ұсынуды айтты.

Бұдан бөлек, серіктестік Қазақстанның басқа өңірлеріндегі компания ұсынған сыртқы жарықтандыру жұмыстары сынды бірнеше нысанды мысал ретінде көрсетті.

«SAIMAN» құрал өндіру зауыты Алматы қаласында орналасқан. Компания өз қызметінің 29 жылдан астам тарихында нарықта сенімді серіктес-өндіруші, өлшеу аспаптары мен энергия ресурстарын есепке алу бағдарламалық жасақтамасын жеткізуші ретінде беделге ие болған.

Зауыт суды есепке алатын 12, газдың – 6, электр энергиясының – 26 түрлі үнемшіл аспаптарын шығаратын ең ірі өндіріс болып табылады. Шығарылатын өнімнің құрамдас бөлігі сол елде өндірілуі керектігі экономикалық тұрғыдан орынды екендігі белгілі. Қалай болғанда да, белгілі бір аспап немесе құрылғы жиналатын құрамдауыштар мен тетіктер жергілікті мекенде шығарылуы керек. Осы ретте зауытта іске қосылған өндіріс желісі – импортты алмастыру бағытындағы кезекті маңызды қадам болып саналады.



Темірді кәдеге жаратқан зауыт
«QAZ ЕТ» әлеуметтік дүкені ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу