Шалыс басқандарға дұрыс жол сілтеді

Oinet.kz 30-06-2021 601

Screenshot_10.png

Республика көлемінде қолға алынған «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасы Абай ауданында сәтті жүзеге асты. Шалыс басып, жаза арқалағандарға дұрыс жол сілтеуге бағытталған шарада барысында жүйелі жұмыстар қолға алынды. Бүгінде темір тордан босап шыққандарды жұмысқа орналастыру мен медициналық қызмет көрсету мәселелерін жергілікті атқару органдарымен бірлесе жүзеге асыру қарастырылған. Бұл қызмет түріне қазіргі күнде есепке алынған барлық сотталғандар қамтылып отыр.

Жалпы Абай ауданы бойынша істі болған 367 адам есепте тұр. Оның 250 ден астамы жұмыспен қамтылған. Әсіресе жазасын темір тордың ар жағында өтеп келген азаматтарды ортаға бейімдеу, оларды жұмыспен қамту басты мәселе. Осы бағытта шалыс басқандарға психологиялық және әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетіліп келеді.  Жауаптылардың жергілікті полиция қызметкерлермен бірлесіп жүргізген шарасы тіркеуі жоқ 9  сотталған азамат анықталды. Оларға ҚРҚК   талаптарына сәйкес әкімшілік ескерту жасалды.

"Тағайындалған міндетті өтеуден қасақана жалтарған    6  азаматтың 5-еуіне бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыным жолданылды. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу», «Пробация қызметі туралы» 9 мақала жарияланған. Сондай-ақ, жаза өтеудің тәртібі мен шарттарын бұзан 20 дерек анықталған"-, дейді Шымкент қаласы Абай аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Алмас Молдашев.


Үшбуынды модель - Президент тапсырмасы
Қазақстандық ерікті Түркияда велосаяхат ұйымдастыруда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу