Мәжілісте жер пайдалану мәселесі қаралды

Oinet.kz 02-06-2021 759

26.jpg

Түркістан облысы Қазығұрт аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі болып өтті. Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Бұл туралы Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарған жұмыстары қаралды. Аудан көлемінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің тиімділігін арттыру және мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару бойынша атқарылған жұмыстар баяндалды. Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланғаннан кейін аудан әкімі бөлім басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді. Сондай – ақ күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты жұмыстарды жүйелі ұйымдастыруды тапсырды. 

Айта кетері, халыққа арнаған биылғы Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Келесі жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды.  

Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Бірақ Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Аграрлық секторға инвес¬тиция тарту ауадай қажет,-деген болатын. Осыған байланысты жуырда жерді шетелдіктерге жалға беруге тыйым салатын заң жобасы қабылданды. 


Шаруаларды толғандырған сұрақтарға жауап берілді
Қазығұртта жол сапасы жақсарған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу