​Түркістан жасыл шаһарға айналуда

Oinet.kz 14-05-2021 1052

Бүгінде Түркістан туризмнің орталығына айналуда. Қаладағы сәулетті ғимараттар көшелерге сән беріп тұр. Ал, қаладағы көгалдандыру жұмыстары үлкен қарқын алды. Мұның баршасы да Түркі әлемінің түпкі төрі саналған көне шаһарға келген туристердің демалуларына және табиғат аясында серуен құруына жағдай жасау мақсатында жүргізіліп жатыр.  

image.png

Жасыл қалаға айналып келетін Түркістанның төңірегінде көгал мен ағаш егу жұмыстаны ерекше назар аударылған. Қаланың жасыл желегін жайқалтып, экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында ең озық технологиялар қолданылуда.

28 гектар алқапты алып жатқан Түркістан қалалық дендросаябағы қала іргесінде орналасқан. Мұнда 12 мың сан түрлі жеміс ағаштары мен көпжылдық өсімдік түрледі өсіріледі. Бүгінге дейін 10 мыңнан астам көшеттер егілген. Саябақта сондай-ақ, жасанды көл болады. Әртүрлі гүлдер отырғызылып, аяқжолдар төселіп, жарықшамдар орнатылған. Субұрқақтар және жасанды көпірлер салынған. Мұнда 200-ге жуық жұмысшылар мен 20 техника жұмылдырылған.

Ясауи кесенесінің аумағы жасыл желекке оранып, Ислам бағына айналады. Жеті гектар жер әлемде сирек кездесетін жасыл желекке оранып, ашық түсті, хош иісті гүлдермен көмкеріледі. Олар жыл 12 ай бойы гүлдеп тұрады.

Ордабасы ауданында 4 млрд теңгеден астам ауыл шаруашылық өнімі өндірілген
Сарыағашта теңдесі жоқ тәжірибе станциясы салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу