Ордабасылық шаруалар бір алқаптан екі-үш өнім алуды жоспарлап отыр
Биыл Ордабасы ауданында 1 алқаптан 2-3 өнім алуға ниетті шаруашылық саны 257-ге жетті. Олар қазіргі таңда 524 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егіп, баптауда. Бұл былтырғы көрсеткіштен 3 есеге артық.
Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков жердің тиімділігін арттыруды, ағын су мәселесінің шешілуін жіті бақылауына алып, түйткілді мәселелердің тарқатылуын ұдайы назарында ұстап келеді.
Аудан әкімі жуырда Ордабасылық шаруалар озық технология игілігін көре бастаған дихандардың тыныс-тіршілігімен танысты. Алдымен Қарақұм ауылындағы 15 гектарға тамшылатып суғару әдісін енгізген жеке кәсіпкер Әмзебек Аманжоловпен кездесті.
Шаруа ауласындағы үйіргелік 0,05 га жерге жылыжай жасаған. Самат Сұлтанов кәсібін «Еңбек» бағдарламасы арқылы алған 555 мың грант қаржысына бастап, екі жылда төрт өнім алып, пайдаға кенелгенін атап өтті.
Бөген ауыл округіндегі «Анар» шаруа қожалығы жер өңдеуде былтыр айтулы жетістіктерге жеткен. 5,7 га жерге жүгері мен мақта егіп, жүгеріні гектарынан 110 цн, мақтадан гектарынан 30 центнерден өнім алған. Шаруалардың назарына оңтайлы озық техникалар да ұсынылып, қолданылатын тыңайтқыштар туралы ақпараттар берілді.
Сапар соңы аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұлдың, ауыл әкімдерінің қатысуымен өткен семинарға ұласты.