Сайрамдағы мектеп тамызда бітеді

Oinet.kz 05-05-2021 522

Screenshot_12.png

Үшінші мегаполис статусын иемденген уақытта Шымкент қаласының аумағына қосылған «Сайрам» тұрғын алабынында бүгінде әлеуметтік проблемалар шешімін тауып, көркейіп келеді. Жақында  шаһар әкімі Мұрат Әйтенов  аталмыш елдімекенге барып, ондағы әлеуметтік нысандар құрылысы және тарихи-мәдениет орындарының жағдайымен танысты.

Бүгінде «Сайрам» тұрғын алабында мемлекеттік бағдарлама аясында 300 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс барысында атқарылған жұмыстар жалпы 70 %-ды құрайды. Бас мердігер – «Жаңа Арна 2002» ЖШС. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың наурыз айында басталған еді. Мердігер мекеме құрылысты 30 тамызда аяқтауды жоспарлап отыр. Ағымдағы жылға бөлінген қаржы – 497 246  мың теңге. Оның игерілгені - 183 249,4 мың теңге.  Қала әкімі құрылысты сапалы жүргізуді және жоспарлы мерзімде аяқтауды тапсырды.

Айта кетейік, Шымкентте орта білім беретін 184 мекеме бар — 151 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп және 33 жеке меншік мектеп. Контингенті — 226 679, оның ішінде күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде 209 587 бала, жекеменшік мектептерде 13 342 бала оқиды. Сонымен қатар, Шымкентте 11 қосымша білім беру ұйымы бар, онда 20 061 бала оқиды. Өткен жылғы есеп бойынша қалада 15 үш ауысымды мектеп бар, бұрын 19 мектеп болған, 2023 жылға қарай толық қайта ұйымдастыру жоспарлануда дейді мамандар.


«Шымкент жастар лигасының» ширек финалы басталды
Ордабасылықтар газоблок өндіруді қолға алуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу