Түркістан бауырлас елдерді ортақ мақсатқа жұмылдырады

Oinet.kz 16-04-2021 386

5f8a8193-a8b2-4286-b15d-1cd7137aa4e5.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пандемия толықтай аяқталған соң Түрксой ұйымымен бірлесіп, Халықаралық деңгейдегі іс-шараларды рухани шаһарда өткізу туралы жоспарымен бөлісті. Ол Түркістанды барлық бағытта дамыту жұмыстарына белсене атсалысуға шақырды.

– Түркістан – қазақ жұртына ғана емес, күллі Түркі елдеріне ортақ қасиетті ұғым, рухани орталық. Демек, оның тарихы да, рухани дамуы да бауырлас елдерді ортақ мақсатқа жұмылдыратын бағдар болуы тиіс. Осы мақсатта өтіп жатқан бүгінгі жиынның Түркістанның ашылмаған тарихи құпиялары мен терең тарихын кеңінен тануға мүмкіндік береді деп сенемін. Баршаңызды Түркі жұртының рухани шаһары Түркістанды барлық бағытта дамыту жұмыстарына белсене атсалысуға шақырамын! – деді Өмірзақ Шөкеев.

Елбасы кітапханасында өтіп жатқан «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» халықаралық онлайн-конференциясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, Мәдениет және спорт министрлігі және Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ұйытқы болуымен ұйымдастырылып отыр.

Конференция барысында 2021 жылғы 31 наурызда өткен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі бейресми саммитінің тарихи қорытындыларын сараптамалық деңгейде талқылануда. Іс-шараны Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат жүргізуде.

Конференцияға қазақстандық және шетелдік мемлекет қайраткерлері мен ғалымдар қатысып отыр. Олардың қатарында Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев, Мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ш. Нұрышев, Түркия Республикасы Президентінің кеңесшісі Я.Топчу, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Б.Әміреев, Әзербайжан Республикасы Ұлттық Мәжілісінің депутаты, Әзербайжандағы Ататүрік орталығының төрағасы Н.Джафаров, Халықаралық Түркі академиясының президенті Д. Қыдырәлі, ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Б. Чакыджи, археолог З.Самашев, Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің «Философия және руханият негіздері» кафедрасының меңгерушісі Н.Шермухамедова және басқалар бар.


Шөкеев түркітілдес елдерге ортақ шараларды Түркістанда өткізуге шақырды
Түркістан облысында 22 жарым мың түлек ҰБТ тапсырады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу