Шөкеев жылына 10 мың тонна сүт өндіретін ферманы тездетуді тапсырды

Oinet.kz 16-04-2021 364

сшт.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы азық-түлік белдеуінде іске асырылып жатқан жобалармен танысты. Облыс басшысы «Түркістан Агро ХХІ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «1200 басқа арналған заманауи тауарлы-сүт фермасы құру» жобасының құрылыс алаңында болды.

ферма.jpg

Заманауи тауарлы сүт фермасының құрылыс жобасы италияндық «Rota Guido Srl» компаниясымен әзірленген. Жалпы құны 6,4 млрд. теңгені құрайды. Бүгінгі таңда «Fortebank» арқылы қаржыландыру күтіліп отыр. Серіктестік өз қаржысы есебінен құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Ферманың мал ұстау орнының қабырғасы тұрғызылды. Жоба толық іске қосылғанда, жылына 10 мың тонна сүт өндірілетін болады. Жұмыстың баяу жүріп жатқанын айтқан облыс әкімі құрылысты ширатуды тапсырды.

Аталған серіктестікте сүт фермасын мал азықтық дақылдарымен қамтамасыз ету үшін 2019 жылы 733 гектарға АҚШ-тың «T-L» компаниясының 18 бірлік жаңбырлатып суару машиналары орнатылып, жылына бір алқаптан 2 рет өнім алынып отыр. Бұдан бөлек 26 бірлік заманауи ауыл шаруашылығы техникалары алынды. Өткен жылы егілген күздік бидайдың шығымдылығы жақсы. Аталған егістікті шілде айының ортасында орып алып, екінші өнімге жүгері дақылын егу күтілуде. «Ынтымақ Агро XXI» ЖШС қазіргі таңда, австриялық «Bauer» компаниясының 8 бірлік жаңбырлатып суару машиналарын орнатты. Оның ішінде 3 бірлігіне күздік бидай егіп қойған қалған бөлігіне жүгері мен жоңышқа егу күтілуде. 


Кентау мен Түркістан арасы оазиске айналады
Түркістанның өз азық-түлік белдеуі болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу