Рәміздер алаңы тұрғындардың ұсынымен жаңартылып жатыр

Oinet.kz 13-04-2021 402

рм.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев шаһарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарымен танысты. Өңір басшысы пайдемияның қайта өршіген шағында жауапты мамандарға санитарлық талаптарды сақтап, сақтық шараларын қолға алу керектігін ескертті. Бүгінгі күнге Түркістан облысы «жасыл» аймақта тұр.

– Облыс аумағында карантин және шектеу іс-шаралары коронавирус індеті эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін сақталатын болады. Әсіресе құрылыс саласында сақтық шаралары мен тәртіпті күшейту керек. Барлық аудан-қала әкімдері, басқарма басшылары мен тиісті мемлекеттік органдар шектеу шараларына сәйкес жұмыс атқаруға міндетті, – деді Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралаған Өмірзақ Шөкеев.

Облыс басшысы қаладағы көгалдандыру, абаттандыру барысымен танысты. Түркістан қаласындағы «Рәміздер алаңында» абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. «Рәміздер алаңын» қайта жөндеу мен қайта жаңғырту – тұрғындырының ұсынысымен жүзеге асырылған жоба.

Б.Саттарханов даңғылы бойындағы «Желілік саябақтың» жалғасы ретінде жалпы аумағы 1,65 гектарды құрайтын алаңның абаттандыру жұмыстары сәуір айында басталды. Саябақтың қамтылу аймағы 0,7 гектар болса, жасыл аумақ көлемі 0,3 гектарды құрайды. Қазірде саябақта жарықтандыру шамдары орнатылған. Одан өзге, аяқжолдарды қайта орнату, көгалдандыру аумағына автоматты суару жүйесін енгізу, ұңғыма қазу жұмыстары да қатар жүріп жатыр.


Ордабасыда 40 кәсіпкер кепілсіз несиемен жұмысын жандандырды
Түркістанда 730 пәтер пайдалануға беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу