Түркістан облысында вакциналанғандар 34 мыңға жуықтады

Oinet.kz 12-04-2021 350

екап.jpg

Ақпан айынан бастап Түркістан облысында бүгінгі күнге дейін 33 мың 400 адам бірінші компонентпен вакцина қабылдады. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспаөз хатшысы Дана Сүйлейменова хабарлады.

Оның ішінде медициналық қызметкерлер – 15 мың 143, мұғалімдер – 11 мың 726, полиция қызметкерлері – 576. Бұдан бөлек, өзге топтағы 1978 адам өз еркімен қабылдады. Облыста 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен (ревакцинация)  11 мың 572  адам вакцина салдырды. Екінші рет ектірген медицина мамандары – 8735. Мұғалімдер 2260 болса, құқық қорғау органдары қызметкерлері – 472. Өзгелер – 115.

Соңғы тәулікте  Түркістан облысында 27 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,57 пайызды құрайды. Жалпы облыста пандемия белең алағалы 4712 адам жұқтырған. Мемлекеттік ПТР зертханаларының саны 3 бірліктен 10 бірлікке дейін жеткізілді.

Коронавирустық инфекцияның әртүрлі сценариіне байланысты инфекциялық төсек-орын санын 5 мың 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар.

Айта кетейік, сәуір айының соңына дейін жалпы 72 мың 100 доза жеткізу жоспарланған.

Түркістан облысына қарасты вакцина сақтайтын қоймасына көлемі 601 литр құрайтын 2  мұздатқыш алынған.  Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен көлемі 143 литр құрайтын 20  мұздатқыш жеткізілген. Вакцинация жүргізуге арналған 65 пунктер толық тоңазытқышпен жабдықталған. Бұдан бөлек, вакцинаны тасымалдайтын көлемі 50 литр құрайтын 38 термоконтейнер толық қамтамасыз етілді.


Орталық Азиядағы ең үлкен «Керуен-сарай» іске қосылды
Ордабасыда 40 кәсіпкер кепілсіз несиемен жұмысын жандандырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу