Түркістан облысында каналдар жұмысы автоматтандырылады

Oinet.kz 09-04-2021 467

мсу.jpg

Түркістан облысындағы каналдарда суды тиімді пайдалану мақсатында су есептегіш құралдар орнатылыы, жұмыстар автоматтандырылады. Бұл туралы Түркістан облысына арнайы іссапармен келген Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің су шаруашылығы нысандарының жағдайымен танысу барысында айтылды.

Мағзұм Мырзағалиев  Шардара су қоймасынан машиналық әдіспен су көтеру станциясының вегетацияға дайындық жұмысын да көрді.

Вегетациялық кезең жақындап келе жатыр. Диқандарды сумен қамтамасыз ету – біздің негізгі және стратегиялық міндетіміз. Маусымның сәтті өтуі осы жұмысқа тікелей байланысты. Облыста 300 мың гектар суармалы жер бар. Жұмыс тәулік бойы жүргізіліп, су үнемдеу технологиясын қолдану қажет. Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өздері де суармалы суды тиімді, ұқыпты пайдалануға қатысты шараларды қабылдауы керек, деді Мағзұм Мырзағалиев.

су.jpg

Сапар барысында трансшекаралық Үлкен келес магистралды каналының (БКМК), «Зах», «Ханым» магистралдары каналдарының да жұмысы талқыланды.

Бұдан бөлек, Жетісай ауданындағы 1957 жылы салынған К-19 каналына автоматтындыру жүйесінің енгізілуін де атап өту керек. Себебі онда бүгінге дейін су қарапайым жолмен есептеліп келді, сондықтан су шығынын дұрыс бақылау қиынға соғып, ресурсты тиімді пайдаланылмау жағдайлары орын алды. Суды есептеудің автоматтты жүйесі енгізілгеннен кейін бұл тиімсіздіктер түгел жойылады. Әрі қарай осы жолмен Түркістан облысындағы басқа да каналдар жұмысы автоматтандырылады.


Түркістан облысында жайылымды сумен қамтитын жоба жүзеге асырылуда
Әзірет Сұлтан түнде де алыстан жарқырап көрінеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу