Мақтаарал ауданында Отбасы банкінің филиалы ашылды
Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде "Отбасы" тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің филиалы ашылды. Бүгін аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков нысанның ресми ашылу рәсіміне қатысып, банктің ұжымына сәттілік тіледі.
– Ел азаматтарын баспанамен қамтамасыз етудегі ел тарихында Сіздердің банктеріңіздің алатын орны ерекше. Мыңдаған отбасылар "Отбасы" банкі арқылы үйлі болып, шаңырақтарына шаттық ендірді. Осындай банктің филиалы ауданымызда ашылып жатқанына өте қуаныштымыз! – деді Бейсенбай Тасболатұлы.
Жарғылық капиталы 100 пайыз мемлекеттік Отбасы банкі – ипотекалық кредитті 5 пайыз және одан да төмен мөлшерлемемен алудың бірегей тәсілі. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің несиелерін еліміздің кез келген жерінен тұрғын үй сатып алуға немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартуға ғана пайдалануға болады.
Екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін табысы бар, бірақ баспанасы жоқ отбасылар (оның ішінде көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған отбасылар) "Бақытты Отбасы" бағдарламасына, ал 3,1 күнкөріс минимумына дейін табысқа ие баспанасыз отбасылар "5-10-20" пилоттық жобасына қатыса алады