Мектептің саны емес сапасы маңызды

Oinet.kz 08-04-2021 849

Screenshot_10.png

Демографиялық өсім жағынан республикада алдыңғы қатарда тұрған Шымкент қаласында мектеп тапшылығы кезең-кезеңмен шешіліп келеді. Мәселен Тұран шағын ауданында 1200 орындық мектептің құрылысы жүруде. Қала әкімі таяуда аталған нысанның құрылысын бақылап қайтты. Аралау барысында шаһар басшысы қоғамдық көлік схемасы оқушыларға тиімді болу керектігін айтты. 

 «Қоғамдық көлік схемасы оқушылар мен ата-аналары үшін тиімді болу керек. Яғни мектепке жеткізіп барып бағытын жалғастыру үйлестірілсін. Себебі оқушылардың қауіпсіздігін назарға алуға тиіспіз. Сонымен бірге, қазірден бастап білім беру ұйымына педагогтарды конкурстық негізде қабылдау мәселесін ұйымдастырып, оған дайындалу керек»,-деді М.Әйтенов.

Осы жылдың тамыз айында пайдалануға берілетін білім нысанының сапасына баса назар аударған қала басшысы кемшіліктер орын алмас үшін өткен жылы пайдалануға берілген мектептермен ақылдаса отырып жұмыс жасауды құрылыс және білім басқармасына тапсырды. 

Мемлекет қаржысына салынып жатқан мектептің құрылысын «АРТ-құрылыс» ЖШС-гі жүргізуде. Білім нысанының жалпы аумағы 2,97 гектар.

Айта кетейік, Шымкентте орта білім беретін 184 мекеме бар — 151 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп және 33 жеке меншік мектеп. Контингенті — 226 679, оның ішінде күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде 209 587 бала, жекеменшік мектептерде 13 342 бала оқиды. Сонымен қатар, Шымкентте 11 қосымша білім беру ұйымы бар, онда 20 061 бала оқиды. Өткен  жылы қалада 15 үш ауысымды мектеп болған, 2023 жылға қарай толық қайта ұйымдастыру жоспарлануда.


Солтүстік шақырады
40 мектеп жеке инвестор есебінен салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу