280 мыңға жуық адам жәрдемақы алған

Oinet.kz 07-04-2021 497

Screenshot_2.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын анықтайтын негізгі бағыттар бойынша маңызды міндеттер қойған еді. Халықтың әл-ауқаты және Қазақстанның әлемнің дамыған 30 еліңің қатарына кіруі – тәуелсіз мемлекетіміздің ұзақ мерзімді мақсаты болмақ. Бүгінде елдің тұрмысын түзеу мақсатында халыққа көптеген әлеуметтік көмектер, жеңілдіктер көрсетіліп, мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Мемлекеттің қолдауынан шымкенттіктер де қағылып отырған жоқ.  

Таяуда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті  ел алдында жылдық есебін берді.

Департамент басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ержан Ермаханұлы зейнетақы мен жәрдемақылар және басқа да төлемдерді тағайындау бойынша 2020 жылы және биылғы жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстарды қорытындылады. 

Бүгінде Шымкентте 80 мыңнан аса адам зейнетақы, 200 мыңға жуық адам әлеуметтік тағайындау бойынша жәрдемақы алады. 66837 зейнетақы мен жәрдемақы қайта қаралса, 51 өтініш кері қайтарылған. 3470 алушыға мемлекеттік кепілдік төлемінен бас тартылған. ХҚКО арқылы 41369 қызмет көрсетілген. 

Сондай-ақ, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының МӘС мәселелер жөніндегі орынбасарының м.у.а Сырым Шонаев өткен жылдың күрделі болғанын айтты. 

-Биылға дейін 36694 мүгедек тіркелген. Оның 30339-ы ересек болса, 6335-і 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер. Айта кететін жайт, алдыңғы орында жүрек қан тамыр аурулары, екінші орында қатерлі ісік, үшінші орында көз аурулары көбейген. Ал 914 адам алғаш рет психикалық аурулар бойынша тізімге енген,-дейді ол. 

Айта кетейік, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ер азаматтар 63, әйелдер 60, 5 және одан көп баласы бар аналар 53 жасынан зейнеткерлікке шығу жасы болып белгіленген.


Жемқорлықтың кесірі білімге тимеуі қажет
Биыл "ОҢТҮСТІК-БАТЫС" айналма жолының құрылысы басталады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу