Сайрам: «Мектепке жол» акциясы биыл да өз жалғасын тапты

Oinet.kz 02-09-2020 637

Қолыңнан келсе, жақсылық жасағанға не жетсін. Біздің қоғамдағы жандары жақсылық пен қайырымдылыққа жақын адамдардың жомарттығын айқындайтын қайырымдылық шараларының бірі – «Nur Otan» партиясының қолдауымен өткізіліп келе жатқан республикалық “Мектепке жол” акциясы десек болады.  Қазіргідей қымбатшылық қысып, кейбір азаматтардың әлеуметтік жағдайы төмендеп тұрған уақытта бір  теңгенің өзі үлкен көмек болып көрінуі әбден мүмкін. 

«Мектепке жол» акциясы аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына кө­мек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған. Аталған жоба аясында биыл Сайрамда имамдар қауымы ұйытқы болып, әлеуметтік тұрмысы төмен 100 отбасының баласы қайғысыз-қамсыз мектепке барады. Олардың әрқайсысына құны 10 мың теңге тұратын оқу құралдары берілді.

100 баланың құрал-жабдықтардына 1 миллион теңге жұмсалды. Сөмкелер мектептерге жеткізілді.

Ауданның бас имамы Сейдахмет Темірбек мектепке жол ашқан азаматтардың баршасына ризашылығын білдірді. Алла Тағала балаларды білімді, жамағаттардың кәсіптерін берекелі Етсін!


Бәйдібек: Жаңа оқу жылында - жаңа белестер
Сайрам: Діни экстремизмге қарсы күрес – барлық қоғамның ісі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу