Ордабасы: Үшжақты байланысты нығайту - маңызды

Oinet.kz 01-09-2020 620

На изображении может находиться: 3 человека, люди сидят и в помещении

Қазақстанда оқушылар елдегі пандемия жағдайына байланысты 1 қыркүйектен бастап бірінші тоқсанды қашықтан оқитын болды. Сол себептен де биылғы жылғы жаңа оқу кестесіне, режимге дайындық жергілікті биліктердің қатаң бақылауында болуға тиісті. Ал бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының жазбаша өтініштері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, кезекші сыныптарда оқытылатын болады.

Жаңа оқу жылына дайындықты барлап, қуттықтау мақсатында Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков аудандағы барлық мектеп директорланының қатысуымен бейнебайланыс арқылы жиын өткізді.

Сонымен қатар, қашықтықтан оқыту жүйесі білім сапасын төмендетпеу үшін бірқатар тапсырмалар берді.

Атап айтқанда, үшжақты байланысты нығайту, оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру, ғылыми бағыттағы жұмысты жандандыру және үздік ұстаздарды ынталандыру шараларын жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу қажеттігі ескертілді.

- Балалардың бос уақытын ұйымдастыруда ата-аналарға көмекші болу да аса маңызды. Сондықтан, сыныптан тыс, қашықтықтан балаларға бағыт беру арқылы қызығушылығын арттыратын жобалар әзірлеу қажет. Оларды белгілі бір мақсатқа жұмылдырудың мәні зор. Бұл бағытта психологтар мен социологтардың зерттеуі тұрақты түрде жүргізілгені абзал, - деді аудан басшысы өз сөзінде.


Ордабасы: Білім көрсеткішін жоғарылату қажет
Бәйдібек: Жаңа оқу жылында - жаңа белестер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу