Кәсібін ашқандар көбейіп келеді

Oinet.kz 28-08-2020 427

image.png

Түлкібас ауданында «Сыбаға» бағдарламасының көмегімен жеке шаруашылығын ашып, өз ісін дөңгелетіп келе жатқандардың қатары артып келеді. Таулы аймақта еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл ірі қара мал басы санын 265-ке жеткізу керек болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 299-ға жетіп, жоспар 112,8 пайызға орындалған.

«Сыбаға» бағдарламасының көмегімен жеке шаруашылығын ашып, кәсібін бастағандардың бірі – Машат ауылының тұрғыны Е.Төлепбеков. Ол жеңілдетілген несие алып, оған 75 бас ірі қара малын сатып алған. Кәсіпкердің мақсаты – ет бағытындағы мал шаруашылығын дамытып, шетелдерге өзі өндірген өнімді экспорттау.

Ауданда аталған бағдарламағаның шарапатын көріп отырғандар аз емес. Былтырдың өзінде 10-нан астам шаруа қожалығы осындай жолмен мал басын көбейтіп, Түркістан облысын ғана емес, өзге өңірлерді де етпен қамту қолға алған. Шаруашылықтың осы бағытын қолдау мақсатында ауданда ет өңдейтін кешен мен сүт фермасы салынған. Алдағы уақытта мұндай өндіріс орындарының қатары артатын болады.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» арқылы 70 млн. теңгеге дейін несие рәсімдеуге болады. Тек ет бағытындағы шаруашылыққа берілетін қаржыны 4 пайыздық үстемемен 15 жылға дейінгі мерзімге алуға мүмкіндік бар.

Ордабасы: «Жақыныңа жанашыр бол!» акциясы өтті
Ордабасы: Туған жерге тарту
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу