Сарығашта зәулім оқу ордасы бой көтеріп келеді
Сарыағашта 900 орынды қамтитын жаңа оқу ордасы пайдалануға берілетін күннің ауылы алыс емес. Самал мөлтек ауданынан бой көтеріп келе жатқан мектептің құрылыс жұмыс тары барысын бақылау мақсатында 18 шілде күні жұмыс жоспарына сәйкес аудан әкімі М.Отаршиев құрылыс алаңына келді. Өз кезегінде аудан әкімі жауапты мамандарға межелі мерзімен кешікпей сапалы жұмыс жүргізуді тапсырды.
Жыл санап бала санының өсуіне байланысты №60 «Самал» жалпы орта мектебі үш ауысымға өту қаупі бар. Осыған орай, жаңа мектеп ғимаратын салу үшін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, бүгінгі таңға Самал мөлтек ауданынан жаңадан 900 орындық мектеп ғимаратының құрылысы жүргізілуде.
Аталмыш нысанды аралап болған соң аудан әкімі М.Отаршиев құрылыс компаниясының өкілдеріне құрылыс сапасына айрықша мән беріп, нысанды белгіленген мерзімнен кешіктірмей аяқтауды тапсырды. Жоспарға сәйкес, аталған білім мекемесінің нысанын тапсыру мерзімі - 2021 жыл.
Сонымен қатар, оқушылардың қауіпсіздігі үшін жаңа мектеп ғимараттарында бейнебақылау жүйесін орнату қарастырылған.
Жаңа мектеп салынуы елді мекеннің рухани өміріне серпіліс әкеледі деген сенім бар.