Сарыағаш: Жол құрылысы жұмыстарының сапасын бақылады

Oinet.kz 20-08-2020 592

image.png

Сарыағашта құрылыс жұмыстары қарқын алған. Бүгінде ауданда Қабланбек елді мекенінде «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 16 көшеге, яғни 18,8 шақырым жолға асфальт төсеу жұмыстары жүруде.

Құрылыс жұмыстары барысымен таныс болу мақсатында аудан әкімі Мұхит Отаршиев жұмыс жоспарына сай Қабланбек ауылдық округінде болып қайтты.
Аудан басшысы бұған дейін жол салынып болған соң барып сапасы тексерілетін. Қазір құрылыс жүріп жатқан кезде бақылауға мүмкіндік бар. Ол үшін арнайы жылжымалы зертханалар жұмыс істеуде. Заманауи құрылғы арқылы олқылық анықталған жағдайда дер кезінде құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін қалпына келтіруді мердігер мекеме басшысына тапсырды.
Жол құрылыстары жоспарға сәйкес қыркүйек айында аяқталып, пайдалануға берілу жоспарлануда.
Айта кетсек, Қабланбек ауылдық округі аудан орталығынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазіргі уақытта ауылдық округ аумағындағы көшелердің жалпы ұзындығы 102 шақырым болса, оның ішінде 39,2 шақырым қанағаттанарлық жағдайда, ол 46 пайызды құрайды. Алдағы уақытта «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 16 көшенің 18,8 шақырымы жөндеуден өткізілгеннен кейін қанағаттанарлық жолдардың үлесі 58 пайызды құрайтын болады.

Шардарада 45 мал бордақылау алаңдары жұмыс жасайды
Сарығашта зәулім оқу ордасы бой көтеріп келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу