Созақ: «Сыбаға» бағдарламасы бойынша асыл тұқымды бұқалар әкелінді

Oinet.kz 18-08-2020 506

Асыл тұқымды мал – табыс көзі

Қазіргі уақытта әлемнің қандай мемлекетінде болмасын сүт және ет өндіру қарқынды өндірістік технологияға негізделген. Мал өнімінің көбеюі, шаруашылықты шоғырландыру және мамандандыруға да көп байланысты. Көптеген ғылыми деректер және алдыңғы қатарлы шаруашылықтардын көрсеткіштеріне қарасақ, мал өнімінің өндірістік технологияда дамуы, оның көбеюі, ірі қара тұқымының сапасына, мал азығының өзіндік құны мен азық сапасына көп байланысты болып тұр. Ірі өндірістік фермаларда сүттің молаюы асылдандыру жұмысының жақсаруына байланысты, әрі сүт және ет өндіру кешендерінде асылдандыру жұмысының бағыты да өзгеруде. Асылдандыру жұмысының негізі жеке бір аймақта бір жоспар бойынша төл алу, оны өсіру, бұқаларды ұрпақ сапасы бойынша бағалау. 

Созақ ауданында  «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мүйізді ірі қара аналығын тұқымдық түрлендіруге тарту мақсатында барлығы 55 бас асыл тұқымды бұқалар сатып әкелініп, 2760 бас мүйізді ірі қара аналығы тұқымдық түрлендіруге тартылды. Бұл фактор мал тұқымын асылдандыру арқылы ет, сүт өнімінің көлемін арттырады.

Созақ ауданында жыл басынан есептегенде 5 813 тонна ет (сойыс салмақта), 7 903,5 тонна сүт,  1 523,9 мың дана жұмыртқа  өндірілген. Бұл көрсеткіш   2019  жылғы осы кезеңмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі ет 100 пайызға, сүт 100,8 пайызға, жұмыртқа 104  пайызға артық орындалғанын білдіреді.  Аудандағы  барлық  санатта  36 956 бас  мүйізді ірі қара, 300 794  бас қой-ешкі, 18 814 бас жылқы, 12 526 бас түйе, 25 182 бас құс өсірілуде.

Созақ: 13 100 га егістік жер игеру межеленген
Созақ: Жастар күніне орай онлайн концерт өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу