Созақ: 13 100 га егістік жер игеру межеленген

Oinet.kz 18-08-2020 519

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕГІСТІК ЖЕРДІҢ КӨЛЕМІ 800 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТЫ ...

Аудан бойынша биылғы жылы 13 100 га егістік жер игеру межеленген болатын. Жоспар артығымен орындалып 13160 га алқапқа егіс егілді. Оның ішінде: 305 га бидай, 1018 га арпа, 1226 га мақсары, 901 га жүгері, 500 га картоп, 500 га көкөніс, 500 га бақша, 2511 га жаңа жоңышқа,  5700 га ескі жоңышқа орналастырылды.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Созақ ауданында төрт түліктің төресі – түйені көбейтуді қолға алып, ішкі нарықты тұтастай қамтуды міндеттеген болатын . Жыл басында ойсылқара тұқымын көбейту арқылы өзге өңірлермен бәсекелес болуға қауқарлы ауданға осы кәсіпті мықтап қолға алу тапсырылған.  Аудан әкімі Салыхан Полатовтың есеп беру жиынында өңір басшысы Өмірзақ Естайұлы:

«Түйе шаруашылығын дамытуға ауданның табиғаты қолайлы, сондықтан осы кәсіпті мықтап қолға алу керек. Бұл мәселені дұрыс жолға қойып, ішкі нарықты қамтуға мүмкіндік жетеді деп ойлаймын» , - деген болатын. 

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2020 жылы 1660 бас түйе аналығын сатып алу межесі белгіленіп, 6 айдың қорытындысымен 1550 бас түйе аналығы сатып алынды. Оның ішінде 1000 бас түйе несие алу арқылы жүзеге асса, 550 бас түйе азаматтардың өз қаражаты есебінен алынған.

Созақ: Ауыл шаруашылығының жетекші саласы – ет, сүт өнімдері
Созақ: «Сыбаға» бағдарламасы бойынша асыл тұқымды бұқалар әкелінді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу