Бәйдібекте жол жұмыстары қызу жүріп жатыр

Oinet.kz 17-08-2020 589

image.png

Бәйдібекте биыл жол жөндеу жұмыстарына баса назар аударылуда. Құрылыс жұмыстары «Ауыл - ел бесігі» жобасы бойынша атқарылуда. Бұл жолы құрылыс ошақтары Боралдай мен Бөген ауылында.

Ауылдардағы көшелер орташа жөндеуден өтіп, аяқ жолдар ретке келтірілді. Сондай-ақ,, көше жарықтары орнатылуда.

Бүгінде Боралдай ауылы бойынша көшелерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.  Жоспар бойынша 7 көше орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда Балтай ата, Жамбыл, Мамеков, Ақсақал, Би-Аралбеков, Бердиев және Жұмаділ атындағы көшелеіне жарық орнату, тасқтастас төсеу, және асфальттау жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін бюджеттен 149 млн. 714 теңге бөлінген болатын.

Дәл осындай жөндеу жұмыстары  Мыңбұлақ ауылдық округінде де атқарылып отыр. Онда көше бойларына тақтастар төселініп, көшелерге жарық беру мәселесі шешіліп жатыр.

Бүгінде  ауданда көшелерді асфальттау жұмысы аяқталуға жақын. Ендігі  кезекте көше жарықтарын орнату мен аяқ жолдар салу, ағын су жүретін тасарықтар жасалу үстінде. Жөндеу жұмыстарына техникалар да толықтай жұмылдырылып, жергілікті жерден қосымша жұмыс күші ретінде ауыл тұрғындары жұмысқа тартылған.

Бәйдібекте эпидемиологиялық ахуал тұрақтанды
Түлкібас: Құлпынай шаруашылығы қолға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу