Бәйдібекте эпидемиологиялық ахуал тұрақтанды

Oinet.kz 17-08-2020 591

image.png

Бәйдібекте инфекциялық ауру түрлерінің басым көпшілігі бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бағдатбек ЖАНҒАЗИЕВ аудандағы эпидемиологиялық ахуалды баяндау мақсатында жүргізген тікелей эфир барысында баяндады.

Ауданда әкім орынбасарының айтуынша, карантиндік талаптардың сақталуын жіті қадағалайтын бірнеше жедел топтар жұмыс жасайды. Қазірде науқастар саны әлдеқайде азайған. Ал, індетке тойтарыс беретін қажетті құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмек жеткілікті. Азық - түлік бағасы да үнемі бақылауда. Егер кеселдің беті қайтса, карантин режимі жеңілдетіледі.

Барлық эпидемияға қарсы қажетті іс-шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілуде.

Бүгінгі таңда 66 науқас аурудан жазылса, 3 науқас инфекциялық госпитальде емделуде, 28 науқас үй карантинінде бақылауда.
Ауданда 50 орындық провизорлық бөлімше, 50 орындық инфекциялық госпиталь жұмыс жасауда. Провизорлық бөлімшеде пневмония диагнозымен осы уақытқа дейін ем қабылдап шыққан науқастар саны 591. Осы науқастардың 432-сі аудан тұрғындары, қалғандары облыстың басқа аудандарынан келгендер. Қайтыс болған науқастар саны – 27, оның ішінде аудан тұрғындары – 22, қалғандары басқа аудандардан келген емделушілер.
Бүгінгі күнге ем қабылдап жатқандар саны – 12, барлығы аудан тұрғындары. Инфекциялық госпитальде осы күнге дейін 96 науқас ем қабылдап, 81-і емделіп үйге шығарылды. 10 науқас ем қабылдау үстінде, оның 3-уі аудан тұрғындары. 5 азамат қайтыс болды, барлығы басқа ауданның азаматтары (Түркістан-1, Кентау-2, Түлкібас-1, Сайрам-1).

Бәйдібек: Ауылдық экономиканың негізгі бөлшегі - ауыл шаруашылығы
Бәйдібекте жол жұмыстары қызу жүріп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу