Созақ: Кәсіптің бір бағыты - құс өсіру

Oinet.kz 12-08-2020 537

image.png

Созақта нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы тиімді жүзеге асуда. Қазіргі таңда мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алып, бағдарламаның игілігін көрген отбасылар саны 62-ге жеткен.

Солардың бірі кәсіптің көзін тауып отырған созақтық  отбасы үй іргелік жеріне құс өсірумен айналысуда. Балапан аштырып, көбейтіп өсіріп пайда табуды көздеп отыр. Құс өсіру – қазаққа ежелден пайдалы кәсіп санатында. Асыраған құс жақсы өнім беруі үшін, ең алдымен балапандарды дұрыс күтімге алу қажет. Оған арналған «балабақша» да жайлы болуы тиіс. 

 Балапандардың нәзік, күтімге зәрулігі қаражат мәселесін туындатады. Табысы жақсы саланы мемлекет қаржыландыруы – әлеуметтәк аз қамтылған отбасылардың әлеуетін жақсартады.  Ал, Ерік Байдүйсенов  жеңіл автокөлік жөндеу орталығын салды. Қолынан келетін ісін жүргізуге серпін болған бағдарламаның игілігін көрушілер мемлекет берген  мүмкіндік үшін дән риза.

Сондай-ақ, құс шаруашылығымен айналысамын деушілерге мемлекет тарапынан қолдау бар. «Агробизнес–2020» жобасы аясында инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша  (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің №9-3/726 бұйрығына сәйкес) субсидиялаудың басым бағыттарының бірі – құс шаруашылығымен айналысатын үлкен өнеркәсіптерді салу және кеңейтуге бағытталған.

Созақ: Шаруа қожалығы тамшылатып суару әдісін қолданады
Шардара індеттен толық айықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу