Сайрамда залалсындандыру жұмыстары жалғасын тапты
Жаздың жайлы күндерінде залалсыздандыру (дезинфекция) жұмыстарын жүргізіп алу да – маңызды шара. Мұны қаланың да, даланың да тұрғындары әрдайым есте ұстаса.
Қазақ халқы залалсыздандыру тәсілдерін ерте заманнан бері қолданып келген. Мысалы, ауырған адамның ыдыс-аяғын бөлек ұстап, қайнату, науқастан түскен шашты, тырнақты көміп тастау немесе өртеп жіберу, қораларды, көң-қоқысты тазалап отыру, дәнді дақылдарды күнге кептіріп алу және тағы басқа шаралар қолданылып келген.
Қазіргі таңда Сайрам ауданы көлемінде коронавирус індетінің алдын алу мақсатында жекелеген ауылдардың барлығында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.
Қарасу ауылдық округінде дезинфекциялық жұмыстарды тұрақты жүргізіп отырған Сайрам ауданындағы N°6 -өрт сөндіру бөлімінің жұмысына жерогілікті халық дән риза. Халық қауіпсіздігі үшін атқарылған жұмысқа қызметкерлердің белсене қатысқаны мақтаныш.
Аталған бөлім бүгін де, яғни 9.08.2020 жылы ауылымызда дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді.
Тұрғындар халқымыздың саулығын қамтамасыз етуге үлес қосып келе жатқан бөлім бастығының м.у.а азаматтық қоргау майоры Рустам Абдикаримов пен ұжымына алғыс білдірді.
Залалсыздандыру шараларының көлемі, қолдану тәсілдері және тиісті дезинфекциялық ерітінділерді таңдап алу жұқпалы аурудың берілу механизміне, қоздырғыштың төзімділігіне, өңдеуге алынған заттардың қасиетіне және санына, тұрғын үй мен мал қораның көлеміне қарай таңдап алынады. Тиісті жұмыстарды келісім-шарт бойынша сараптау орталығы немесе дезинфекциялық станция қызметкерлері атқарады.
Аурушаңдықтың алдын алуда залалсыздандыру іс-шараларының маңызы ерекше екенін ескерген абзал.