Сайрамдық ауылда ерекше дәстүр қалыптасқан

Oinet.kz 11-08-2020 518

Қарамұрт ауыл округі əкімінің 2018 жылға арналған 10 өзгерісі ...

Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылында елде жоқ ерекше дәстүрдің жалғасып келе жатқанына талай жылдың жүзі болған. 

Ауылда "ең көрікті көше", "ең үлгілі аула" деген сияқты атаулармен жарыса тіршілік кешетін дәстүр бар. Бір ерекшелігі, ауылға көрік беретін ондай  дүниелер көп жағдайда ауыл тұрғындарының өз күшімен атқарылады. Соның бір айғағы, Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай көшелерге  кемеңгер ақынның барлық қара сөздері жазылып, ілінген.

"Біздің ауылдың бір ерекшелігі, көп жағдайда ортадан бірігіп, ортақ нәрсені жасауға ұмытылып тұрамыз. Бұл тақтайшалар да тұрғындар көмегімен жасалды. Бұл бізде үрдіске айналған", - дейді Мамуржан Нажиев  – Қарамұрт ауылының әкімі.

Өте көрнекі етіп ілінген бұл жазбалар көшеге  тек көрік беріп қана тұрған жоқ. Сонымен қатар Абай бабамыздың бұл даналық сөздері  біз сияқты жастарға   үлкен ой салып,  мықты тәрбие құралына да айналып отыр дейді, - жас ұрпақтар.

"Біз жастар көшеде көбіне жаяу жүреміз. Сонда  Абай атамыздың осы сөздерін оқығанда, барлық нәрсеге ұқыппен, сабырмен қаруды ұ,ғынып, тіпті,      қолымыздағы болмашы нәрселерді кейде көшеге тастай салуға ұяламыз", - дейді ауыл тұрғыны.

"Қарамұрттың қай көшесіне барсаңыз  да тап-  таза,  әрі жинақы. Және өсіп тұрған сан алуан өсімдіктер. Ал енді оған қосымша ілінген мына жазбалар, шындығында  өзгелердің үлгі алатындай–ақ  іс  екен", - дейді белгілі журналист Мухтабар Усманова.


Сайрам: Әкім тұрғындарды мерекемен құттықтады
Сайрам: Індеттің беті бері қарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу