Сарыағаш: «Сен қоғамға керексің!» бағдарламасы арқылы жұмыспен қамтиды

Oinet.kz 10-08-2020 571

image.png

Сарыағаш АПБ ЖПҚ бастығы полиция подполковнигі Н.Оразбаевтың төрағалығымен қала, кент және ауыл округтерге бөлінген жергілікті учаскелік полиция инспекторлары және халықты жұмыспен қамту орталығы мамандарының қатысуымен арнайы жиын өткізілді.
Негізгі мақсат; Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының «Сен қоғамға керексің» бағдарламасы негізінде осы күнге дейінгі пробация қызметінің есебіндегі және түзеу мекемелерінен босап шыққан азаматтарды қоғамға дұрыс көзқараспен қайтару, бейімдеу мақсатында «Еңбек» бағдарламасының бағыттары шеңберінде жұмыспен қамту шараларына қатыстыру мәселесі талқыланды.

Жобаның мақсаты – бұрынғы сотталғандарды заңға бағынушы азаматтар ретінде қоғамдық өмірге қайтаруға септесу.

Өздеріңізге белгілі қоғамда бұрын сотты болған азаматтарға сенімсіздікпен қарау көзқарасы қалыптасқан. Ол жағдайлар бұрын сотталған азаматтарды жұмысқа қабылдау барысында және басқа да қоғамдық қарым-қатынастар кезінде көптеп кезігеді. 

Осындай қоғамдық көзқарастың және жұмыссыздықтың салдарынан сотты болған азаматтар қайта қылмыс жасауға баруда. Ал әрбір қылмыстың артында адамның өмірі, қайғысы, көз жасы тұрғанын ескеретін болсақ, қылмыстың қан­дай қасірет екенін түсінген болар едік.

Жалпы ресоцализация бағдарламасының басты мақ­саты сотталғандарға қоғамның толық мүшесі бола алатындарына сенетіндей жағдай жасау.

Сайрам: Мал өнімдері саны артып келеді
Шардарада Ұлы Абай есімі ұлықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу