Тазалық - табалдырықтан басталады

Oinet.kz 24-05-2020 667

image.png

«Тазалық - табалдырықтан басталады» деген ұғымды әкеміз бен анамыз қаршадайымыздан-ақ санамызға сіңірген халықпыз. Күнделікті есіктің алдынан бастап қора-қопсыны тазалау, қоқыстарды тиісті орынға шығару, реттеу жұмыстары әдетімізге айналғаны белгілі.

Аудан - ортақ үйіміз болғандықтан, оның көшелерінің таза болуы бұл әрбір тұрғынның жан-дүниесінің айнасы іспеттес саналады. Жыл сайын осыған орай, көктемгі удан көлемінде тазалық айлығы жарияланып, аудан тұрғындары қызу жұмысқа кіріседі.

Осыған орай Түлкібаста аудан орталығындағы тазалық жұмыстары 27 секторға бөлініп іске асатын болады!

Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылында тазалық және ағымдағы абаттандыру жұмыстары жаңа жұмыс жүйесі бойынша іске асатын болады.
Аудан әкімі Н.Байғұттың тапсырмасына сәйкес аудан орталығы 27 секторға бөлініп, әр секторға аудан әкімдігінің дербес бөлімдері мен ауылдық округтері бекітілді.

Бұл жерде бекітілген мекеме сектор аумағындағы ерікті көше тұрғындарымен бірге көше бойындағы ағаштарды әктеу, беседка, орындықтар мен қоршауларды, кіші архитектуралық мүсіндерді сырлау және қасбеттерді ретке келтіру жұмыстарын ұйымдастыратын болады. Ал, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызбасты қарттардың үйлерінің қасбетін ретке келтіруге тиісті мекеме мамандары ат салысатын болады. Айта кетерлік, сырлау жұмыстары арнайы бекітілген түстермен іске асатын болады.

Қазіргі таңда аудан орталығын ретке келтіру жұмыстары қызу іске асуда. Осылайша түлкібастықтар облыс орталығы Түркістан қаласында тексерілген тиімді жүйені қолдану арқылы тазалық және ағымдағы абаттандыру жұмыстарын іске асырмақ.

Ауылына қарап азаматын таны
Түлкібас: Судағы қауіпсіздік ережелері!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу