Ауылына қарап азаматын таны

Oinet.kz 24-05-2020 810

image.png

Түлкібаста көктем басталысымен-ақ тазалық жұмыстары қызу жүргізіліп басталған. Бұл орайда ауданның әрбір тұрғыны өзінше атсалысқан. Кешегі күні аудан әкімі Н. Байғұт та өзінің үлгі тұтар азамат екенін дәлелдеді.

«Ауылына қарап азаматын таны» дегендей, ауданымызда аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен барлық елді мекендерде тазалық жұмыстары қарқынды жүруде.
Аудан орталығындағы тазалық жұмыстары барысын аралаған аудан әкімі Н.Байғұт, «тазалық-адамның рухани, мәдени жетілуінің деңгейі, тәрбиесінің маңызды көрсеткіші. Әр аудан тұрғыны тазалықты өзінен бастау қажет. Өйткені, шұрайлы ауданымыздың көше бойлары мен саябақтары, өзен сулары мен жасыл желектері аға буынның кейінгі ұрпаққа қалдыратын ең бағалы сыйлығы»-екенін айтып, «Тұңғыш Президент» саябағындағы шөптерді оруға білек сыбана кірісіп кетті.
Сонымен қатар, аудан орталығындағы саябақтарды аралау барысында аудан басшысы орталық алаңды, мәдениет үйін және Жанкент спорт мектебін қосымша аралап, аудандық спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысына спорт мектебінің ғимаратын ағымдағы жөндеуден өткізуге қажетті құжаттарды дайындауды тапсырды. 

Сондай-ақ, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысына алдағы дүйсенбі күнге дейін орталық және «Тұңғыш Президент» саябағының аумағындағы шөптерді ору, талдарын әктеу және орындықтар мен ойын алаңшаларын ретке келтіріп сырлау жұмыстарын іске асыруды тапсырды.

Бүгінгі таңда аудан аумағы аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, секторларға бөлініп, әр секторлардағы тазалық жұмыстарына арнайы мекемелер мен жауапты мамандар бекітілген

Түлкібаста өрт сөндіру бекеті ашылды
Тазалық - табалдырықтан басталады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу