Су басқан ауылдарда санитарлық тазалық жұмыстары жүруде

Oinet.kz 22-05-2020 653


Screenshot_3.png

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен 5 ауылда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Мәселен, Сарыағаш ауданына бекітілген Жаңатұрмыс елдімекенінде жалпы 4 арнайы техника мен 30 қызметкер жұмылдырылған. Олар ауыл көшелеріндегі тасқыннан жиналған күл-қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды сыртқа шығарумен айналысып жатыр. Айта кетейік, аталған тазалық жұмыстарына Жаңатұрмыс елдімекенінің тұрғындары да белсене атсалысуда.

Сондай-ақ, Достық елдімекеніндегі тазалық жұмыстарына Сарыағаш ауданы әкімдігі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, жалпы 3 арнайы техника, 20 қызметкер жұмылдырылып, бірқатар жұмыстар атқарылған.

Ал, Келес ауданына бекітілген Фирдауси елдімекенінде 170 -тен аса үй арнайы сараптамадан өтіп, бұзу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда аталған елдімекендегі Нұрдала көшесінде 14 үй бұзылып, 4 үйдің алаңы тазартылған. Әр үйден шығып жатқан қоқыстың басым бөлігі балшық саз болғандықтан, орта есеппен тәулігіне 20-25 тонна қоқыс шығарылуда.

Фирдауси елдімекеніндегі жалпы 2377 азаматтың 1500-нан астамы Келес ауданына бекітілген 4 эвакуациялық пунктке жайғасқан. Қалғаны туған туысқандарының үйінде.

Дәл осындай жұмыстар Өргебас пен Жеңіс ауылдарында да жалғасуда. Бұл аймақтардағы тазалық жұмыстарын Жетісай мен Шардара аудандары жүргізуде.


Отбасыларға бақыт сыйлайтын бағдарлама
Түркістанда 24 тұрғын үй салынып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу