Инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән берілуде

Oinet.kz 09-04-2020 640

Screenshot_2.png

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартудың негізгі жолы ретінде инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән беруде. Осы орайда, өңір басшысы жауапты сала жетекшілерімен бірге облыс орталығын аралап, қаланың Бас жоспарына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтап, тиісті сала басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді. Шаһардағы жол жөндеу, газ, ауыз су мен кәріз жүйесін жүргізу жұмыстарын көзбен көрген аймақ басшысы тиісті сала жетекшілерінен құрылыстың кестеге сәйкес белгіленген мерзімінде аяқталуын талап етті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Биыл қала жолдарын жөндеу үшін әкімшілік-іскерлік орталығына іргелес орналасқан, яғни инфрақұрылымы толық аяқталған жерлерде 100 шақырым құрайтын 81 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Жаңа көшелерде сарқынды су жүйесіне арналған футляр орнату, жол негізін даярлау, аяқ жолдардың жиектастарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Батыс Еуропа-Батыс Қытай автожолынан Майкөтов көшесіне дейінгі автожол құрылысы жүріп жатыр. Жаңа жол төселіп, айналасында арық-атыздар, аяқ жол мен вело жолдың жиектастары орнатылған.

Қала аумағында «Жасыл белдеу» қалыптастыру бойынша биыл 100 гектар жерге Темір жол бойының оң жағалауы мен Арыс-Түркістан арнасының айналасын жасыл желекке орау жоспарланған. Сонымен қатар, қала аумағында жаңа жобаға сәйкес Нью-Йорк сатысын орнату, Б.Саттарханов даңғылында тіреу бекетін орнату, Қызылорда тас жолы бойында аллея алаңы мен Темір жол вокзалының алдына тас төсеп, «Жеңіс» саябағынан орталық базарға баратын жолды абаттандыру жұмыстары басталды. Арыс-Түркістан арнасынан бастау алатын бірнеше ирригациялық каналдардың құрылысы мамыр айында толық аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда.


Жолдардың сапасы жақсарып келеді
Түлкібаста каналдар тазаланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу