Түлкібастық аналар қайырымдылық жасады

Oinet.kz 30-03-2020 640


91428746_1279449959111960_1766565919095521280_n.jpg


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың үндеуіне Түркістан облысы бойынша Қазақстан халық Ассамблея жанынан құрылған Түлкібас аудандық «Аналар кеңесі» де өз үлестерін қосуда. Аудандық «Аналар кеңесінің» төрайымы ақсұлу Күзембаева бастаған кеңес мүшелері де осындай сындарлы сәтте елдігімізді көрсетіп, ынтымақ, бірліктің арқасында жеңіп шығуға шақырды. Бұл туралы Түлкібас аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Елімізде көмекке зәру жандарға жәрдем беруге асығатын жандардың қолдауымен өтіп жүрген сауабы мол істер саны күннен-күнге артып келеді. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, жақсылық ешқашан да елеусіз қалмайды. Қай күні болмасын, жақсылығың өзіңе қайтып келері анық, тек оны міндетсінбесең болғаны.

Аудандық «Аналар кеңесі» төтенше жағдай кезінде қайырымдылық танытуға белсенді түрде кірісті.

Ардақты аналарамыз өз қаражатынан бетпердені қолдарымен тігіп, азық-түлікпен қоса аудан аумағында тұратын көпбалалы, аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға таратты.

-Бүгінде ауданда төтенше жағдайға байланысты халық шоғырланатын орындардың дені жабылған. Мемлекеттік мекемелер мен қатар, аудандық емхана мен ауруханада халықпен етене жұмыс қызу жүруде. Бұл жерде де елімізде төтенше жағдай орнағалы бері келушілер қатары азайған-дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Бақыт Тұрлыбеков.

Жуырда тұрғындар мен медицина саласының қызметкерлеріне аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен 1200 дана бетперде таратылды. Игі шараға аудан әкімдігі мен аурухана қызметкерлері ат салысып, әр тұрғынға бетперде табыстап қана қоймай, жаман індеттін алдын алу жолдарын түсіндірді.


Кенеге қарсы залалсыздандыру басталды
Бағаны тұрақтандыру жұмыстары жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу