Қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Oinet.kz 27-03-2020 661

79e031c25a175e79d5abc43b4b7b4520.jpg

Covid-19 инфекциясымен күрес күшейтілді. Қауіпті дертті анықтап, онымен күресуге дәрігерлер де дайын. Бірнеше рет дайындық курстарынан өткен Түркістан облысының медицина қызметкерлерімен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев кездесті. Сайрам аудандық орталық аурухананың қызметкерлері аймақ басшысына бүкіл болжамды жұмыстарын таныстырды.

Жақын күндері пайдаланымға берілетін жаңа емхананы аралап, бүгінгі күнгі диагностика қоры мен оқшаулау, резервті төсек-орындарды тексеріп көрді. Емдеу мекемесі жоспар бойынша күніне 500 келушіге есептелген.

Әлемді дүрбелеңге салған пандемиялық індет өңірде белең алған жағдайда жаңа ғимарат 100 төсек орындық обсервациялық госпиталь ретінде қызмет көрсетеді. Медициналық мекеме тиісті дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етіліп, жасақталған 4 бригада мамандары сақадай сай.

Аудандық аурухананың дәрігерлері Ақсукент ауылында орналасқан «Манкент» темір жол стансасында да күндіз-түні қызмет арқаруда. Олар арнайы құрылғы арқылы жолаушылардың дене қызуын өлшеп, дәрігерлік тексеру жүргізеді.

Жалпы, наурыз айының 18 жұлдызынан бастап сақтық мақсатында Түркістан облысының шекаралық жерлеріне 35 блок- бекет қойылған болатын. Оның ішінде 31-і елдімекендерде, ал 4-і теміржол вокзалы мен станцияларда орналасқан. Аталған бекеттерде бүгінде 37 медициналық, полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.


Төлеби ауданы 100 пайыз газдандырылады
Стратегиялық нысандар күзетілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу