Денсаулық саласының өзі сауықпай елге ем қона ма?

Oinet.kz 30-12-2008 923

hypertension.jpg

Тізгінді тапсырғалы тұрған тышқан жылындағы елеулі оқиғалардың бірі Елбасының қараша айында облысымызға келуі болды. Бұл сапарында өзінің тікелей тапсырмасымен бой көтерген облыстық қан құю орталығы мен медициналық құрал-жабдықтарды залалсыздандыру орталығының тұсауын кесті. 

Президенттің бұл сапарында денсаулық сақтау саласындағы ахуал күн тәртібіне көтерілді. Көтерілмегенде қайтсін, соңғы төрт жылда республика денсаулық сақтау саласының бюджетіне үш есе қаржы құйылғанымен, түйінді мәселелер әлі де толық тарқатылар емес. Осы тұста мәселенің екінші жағы – кадр даярлаудағы келеңсіздіктерді сынға алған Елбасының Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясының ректоры Орынбай Дайырбековты орнынан тұрғызып, «Астана, Алматы сияқты ірі қалалардың орталық ауруханасының басшылары қызметке дәрігерлер қабылдағанда, оңтүстіктің академиясын бітіргендер, мазаламай-ақ қойыңыздар, дейді екен. Яғни, алған біліміне сенбейді. Академияда екі мыңға тарта студент ақылы оқығанан кейін білім сапасы жөнінде не айтуға болады» деген өткір сыны оңтүстікқазақстандықтар үшін биылғы жылдың ауыр сынының көш басында тұр. Ал қара сөзді жорғадай тайпалтқанымен,  сөздері ананы істеу керек, мынаны істеу керек дегенге тіреле берген облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Әнуар Маймақовқа қарата «Тойда сөйлеп отырғандай қара сөзге әбден төселіп алыпсың, енді жұмысыңның нәтижесін көреміз» деп ескертуі жұртты күлдіргенімен,  астарында шындық жатқаны анық еді.                                                            Бақтияр Тайжан, 

«Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі. 

2008 жылдың үздік ақыны мен үздік жазушысы кім?
2008 жылдың үздіктері кімдер?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу