Келестік оқушылар Тәуелсіздік тарихымен танысты

Oinet.kz 13-12-2022 454

image.png

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.  Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше  деп білеміз. Себебі осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап күтумен өтті. Осы қасиетті күнге арнап «Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік» атты тарихи әдеби кеш желтоқсан айының 13 жұлдызында Келес аудандық орталық кітапханасының оқу залында өткізілді.

Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты,халқымыздың мәңгілік құндылығы, Біздің еліміздің бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Отыз бір жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетімізбен мемлекттік тілді жаңғырту жолында қыруар жұмыстар атқарылды. Елімізде білім, ғылым,денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Біз қастерлі Тәуелсіздіктің отыз бір жылдығына қадам басамыз. Бұл – баршамызға ортақ өнегелі өлшем, тағлымды кезең.

Жаңа мемлекет құруға атсалысқан бүкіл халқымыздың ерен еңбегін тарихи шежіресіне көпшілік оқырманға насихаттау мақсатында өткізілген кешке  ауданның барлық мектептерінен келген оқырмандар қатысты. Сонымен қатар жиынға 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісін көзбен көріп қана қоймай, оның бел ортасында жүріп, Тәуелсіздік жолындағы ата- бабамыз бастан кешкен қиындықтардың болмысын, қасиеті мен қасіретін жанымен сезінген, 1986 жылы Алматы қаласында студент болып жүрген, Келестің тумасы, О.Есимов атындағы жалпы орта мектебінің ұлағатты ұстазы Гүлжан  Қасымбекова , №13 колледжінің ұстазы Жеңіс Сәтбаев, Алпамыс ауылының тұрғыны, №18 С.Қожанов атындағы мектебінің ұстаз  Сапаркүл Жәдігеровалар қатысты.  Келестік желтоқсаншылар сол қақаған аяздағы желтоқсан көтеріліс туралы өздері көзбен көрген оқиғаларды ,жас оқырмандарымызға беймәлім тарих беттерін баяндап берді. Кеште оқушылар ақын-жазушылардың еңбектерін оқыды. О.Есимов атындағы мектебінің 11 сынып оқушысы Мыңжасаров Жанғазы «Балбырауын» күйін орындады және де Ө.Жәнібеков атындағы мектеп гимназиясының оқушылары Желтоқсан оқиғасынан сахналастырылған үзінді көрініс көрсетті.

Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Патша дәуірінде де, Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың едеуір бөлігінде қалыптасты. Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекетпіз. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі. Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне он тоғыз жыл толып отыр. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Қазақстан үшін ХХI ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы.

Біздің стратегиялық міндетіміз ең бірінші тұрғындардың өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеру болып табылады. Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17-19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.

1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.

Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып Түркия мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашықы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында Қазақстан деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.

Міне жиында 31 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерімізге шолу жасау, өткен жолымызды зерделеу мақсатында «Тәуелсіздіктің әр жылы бір тарих» атты ой толғам- компазициясы жасалды. Бұл талға жетістіктеріміз жайлы сұрақтар жасырылған. , Бірнеше сұраққа жауап берген оқырмандарға сыйлықтар  берілді. Бұл кеште сонымен қатар «Қазақстан» атты кітапханашылар  қолдан жасаған илюстрациялық көрме, « Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ» атты көрнекілік көрме және «Тәуелсіздік тағлымы тереңде» атты кеңейтілген кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалынды.


Келестегі әжелер ән салды
Балалар жазушысы Бердалы Рысбековпен кездесу өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу