Балалар жазушысы Бердалы Рысбековпен кездесу өтті

Oinet.kz 10-12-2022 682

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты Келес ауданы Біртілек ауылдық кітапханашыларының ұйымдастыруымен, №10 "Игілік" жалпы орта мектебінде, Келес ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ұлағатты зейнеткер ұстаз, Т. Бердияров атындағы әдебиет пен өнер бірлестігінің төрағасы Бердалы Рысбековпен "Жыр жазамын жүрегіммен" атты кездесу кеші өтті. Кешке келген қонақтар Б.Рысбековтың аяулы жары, Келес аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Әділет Әзімқұлова және Б. Рысбеков ағамызбен поэзия жанрына өз үлестерін қосып жүрген, Т. Бердияров атындағы әдебиет пен өнер бірлестігінің мүшелері ардақты ұстаз,ақын Қыздаркүл Омарова, жерлес ақын Жүсіп Ашимов, мәдениет қайраткері Жұмағали Ибраев және ұстаз, суретші Нұрлан Қалдыбаевтар және аталған білім ошағының  мұғалімдері мен оқушылары қатысты. 

Балалар әдебиеті дегеніміз – жай ғана көркем шығарма емес, идео­логияның өзі. Балалар әдебиеті – балалар өмірінің энциклопедиясы. Ең бастысы – балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, имандылыққа тәрбиелеу. Балалар әдебиеті – жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл-есін дамытатын, оларды адамгершілік қасиеттерге баулитын өмір оқулығы. Оның өзектілігі – мектеп жасына дейінгі балбөбектен бастап, жасөспірімдік жасқа дейінгі мектеп оқушыларына әдеби тілде жазылған қызықты шығармалар ұсынатындығымен ерекшеленеді.

Өзінің қалыптасуы, даму барысында бірнеше жүз жылдықтарды қамтитын қазақ балалар әдебиетінің өз тағылымы бар, уақыт пен қоғамда болып жатқан өзгерістер, сол кездердегі идеялогиялық қағидалардың әдеби шығармаларға тигізген әсерлері бүгінгі күні біраз әдеби шығармаларға басқа қырынан қарауды талап етеді. Тарихи кезеңдердегі әртүрлі әдеби үдеріске байланысты қай шығарманы қалай оқыту керектігі жөнінде сөз ету – уақыт талабы. Өйткені балалар әдебиеті – қазақтың мәдениеті мен әдебиетінің құрамдас бір бөлігін құрайтын халықтың озық ойлы, терең де тамырлы әдебиеті.Міне, бүгінгі балаларды балалар әдебиетімен сусындатып жүрген жазушының бірі Бердалы Рысбековтің туындылары кішкентай оқырмандардың таным-түсінігін оятып, жақсы мен жаманды айырып, туған жер, ел, Отан деген ұғыммен ұштастырады. 

Бұл кеште балалар әдебиетінің майталманы Бердалы ағаның өмір жолдарымен балалар әдебиетіне сіңірген еңбектері оқырмандарға кеңінен насихатталды.  Оқушылар жазушының "Тәуелсіздік жыры"," О, менің қасиетті Жер Анам" атты өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыса, балалардың сүйікті шығармасына айналған фантастикалық "Тасқа айналған қыз" шығармасынан 11 сынып оқушысы Қаржау Ардақ үзінді түсінігін айтып, балаларды оқуға ынталандырды. Әділет Әзімқұлова Бердалы ағаның сөзіне жазылған "Ақ Келесім" және "Арманым әнім" атты әндерін орындады. Кешке арналып "Келестің жазары көп жазушысы" атты кітап көрме ұйымдастырылды. Көрмеде жазушының өмір жолынан бастап, шығармашылық кезеңдері мен жетістіктері, кітаптары таныстырылды. 

Бердалы Рысбеков 1940 жылы мамыр айының 17- жұлдызында Келес ауданы,Мақтабек Рахымов атындағы совхоз, Құрылыс елді мекенінде дүниеге келген. 1957 жылы «Лениен жолы» (қазіргі О.Есимов) мектебін бітірген соң, екі-үш жыл совхозда жұмысшы болып істеп,одан Ташкенттің ауа-райын зерттеу техникумына түседі. Оны 1963 жылы бітіріп,1964 жылдан  Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетінде оқиды. Университетті аяқтап, екі жылдай ғылыми-зерттеу институтында істейді. 1970 жылы қазақ мемлекеттік университетін бітірген,содан бері шымкент облысы, келес ауданында ағартушылық қызметте-Келес аудындық оқұ бөлімінде әдіскер, мектеп директоры,1979 жылы аудан орталығы Абай ауданында Қазақстанның 50 жылдығы және жұмысшы жастарды сырттан оқу және кешкі мектебінде мұғалім болды. 1995 жылдан бергі уақытта О.Есимов орта мектебінде оқұшыларға физикадан сабақ берді. Қазір зейнеткер,Сарыағаш ауданының ұлағатты ұстазы.

Бердалы Рысбеков өзінің негізгі педогогтық қызметімен бірге жастар тәрбиесіне бағытталған бірнеше шығармашылық жанрлармен де қатар айналысып келеді.Б.Рысбековтың творчестволық шығармашылық әдебиетке деген қызығушылық талантты сонау студенттік жылдардан бастаған.

Шығармашылықпен 1960 жылдан бастап айналысады. 1966-1967 жылдары тұнғыш фантастикалық әңгімесі «Тасқа айналған қыз» 1967 жылы «Білім және еңбек» журналында, «Құс жолы» фантастикалық әңгімесі «Лениншіл жас» газетінде жарияланды. Содан бері республикалық баспасөзде: «Білім және еңбек», «Қазақстан әйелдері» журналдары мен газеттерде жарияланып келеді. 1968 жылы «Халық творчество үйі» жариялаған бәйгенің жңімпазы. 1985 жылы «Аппақ қар туралы ертегі»  кітабы (ертегілер мен әңгімелер), 1987 жылы «Құмырсқа  баласы, Құмыршақтың басынан кешкендері (әңгіме) кітабы жарық көрсе,1986 жылы «Қызыл сәуле» атты топтама жинақта фантастикалық әңгімелері шықты. 1989  жылы бір әңгімесі «Байғазы», «Өзіұшар» атты топтама жинақта басылды.

Бүгінгі таңда «Жалын», «Парасат» баспаларынан  төрт жеке кітабы: «Аппақ қар туралы ертегі», «Құмырсқаның баласы, құмыршақтың басынан кешкендері», « Тасқа айналған қыз», «Сиқырлы жүзік» атты кітаптары жарық көрді. Жеке әңгімелері «Қызыл сәуле», «Байғазы», «Өзіұшар», «Келес толқындары», «Сарыағашым сазды өлкем» ұжымдық жинақтарына енді.

Сондай- ақ Б.Рысбеков өлең, ән жазумен де шұғылданып келеді. 15 шақты әні бар. «Ақ Келесім», «Алматыда бүгін жаңбыр», «Наурыз», «Алға достар», «Мектеп бітірушілер вальсі», «Тырналар» сынды т.б. әңдері, түрлі орталарда айтылып жүр. 1996 жылғы Облыс әкімшілігі және Телерадио компаниясы ұйымдастырған «Үкілі-ай» байқауының, 2004 жылғы Облыстық Мәдениет бөлімі ұйымдастырған Ауыл жылына арналған ән байқауларының дипломанты.

Ұйымдастырушылар  шараны өткізудегі  мақсатымыз 

Жаратқаным қасиетім киелі! 

Өмір берген адамзатқа жүйелі. 

Адам деген періште емес пенде ғой, Талқысында тағдырының жүреді. 

Біреулерге бақыт берген, бақ берген, 

Байлық, мансап кей біреуге тақ берген. 

Біреулерді ерекше етіп жаратып, 

Дүниеге асыл етіп ап келген деп жерлес ақынымыз  Ж. Ашимов айтқандай ірі тұлға Б. Рысбековтың жалпы шығармаларын, еңбектерін кеңінен насихаттап, балаларды шығармаларын оқуға шақыру дейді. 

Келестік оқушылар Тәуелсіздік тарихымен танысты
Жырлары тарих, ерлігі дастанға айналған тау тұлға дәріптелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу