Киелі Отырарда аламан айтыс өтеді

Oinet.kz 05-12-2022 320

30 қараша күні сағат 11:00-де Отырар аудандық мәдениет сарайында өтетін айтыстың ақтаңгері Тәушен Әбуованың 90 жылдығына арналған «Жырыңды сенің сағындым, Тәушен апа» атты республикалық ақындар айтысы өтеді!

Screenshot_49.jpg

Отырар ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін айтысқа Бекарыс Шойбеков (Түркістан облысы), Айбек Қалиев (Арқалық қаласы), Айтбай Жұмағұлов (Қарағанды облысы), Жансая Мусина (Батыс Қазақстан облысы), Нұрзат Қару (Алматы қаласы), Мұхтар Ниязов (Қызылорда облысы), Біржан Байтуов (Шымкент қаласы), Дәурен Ақсақалов (Отырар ауданы) сынды жүйрік ақындар қатысады. 

Шараның мақсаты – айтыс өнері арқылы еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістігін жырға арқау ету, қазақ халқының  салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын кеңінен насихаттау және Тәушен Әбуованың айтыс әлеміндегі шоқтығы биік  өнерін дәріптеу.

Танымал айтыскер ақын  Тәушен Әбуова 1932 жылы Отырар ауданы, Балтакөл ауылында дүниеге келген. Ол аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып қызмет атқарған. Айтыс өнеріне кештеу араласса да, оны дамытуға, халық арасында насихаттауға сүбелі үлес қосты. Өзінің айтыстарында өскен жерін, туған елін, қасиетті халқын, оның болашағын жырлады. Халық ақындары қызылордалық Манап Көкеновпен, көкшетаулық Көкен Шәкеевпен, Қырғызстанның халық ақыны Әмірәлі Айтаевпен, тағы басқа суырып салма ақындармен сөз сайысына түсіп, облыстық, республикалық, халықаралық айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, жүлдегері болды, республикалық телесайыстың бас жүлдесін жеңіп алды. Ол Мәдениет министірлігінің 1-ші дәрежелі екі дипломымен марапатталған, «Достық» орденінің иегері. Айтыскер ақын туралы екі деректі фильм түсірілді, екі кітап шығарылды. 2004 жылы Шымкент қаласында дүние салды.

Арыстағы балалар кітапханасы әр шараға бей-жай қарамайды
Қазақтың батыр қызы – Мәншүк Мәметова!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу