«Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында 100-ге жуық көше жөнделді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар" мақаласында ауыл - ел бесігі екені айтылып, ауылға жағдай жасау керектігін айтқан болатын. Себебі барлық өркениеттің негізгі бастауы - ауыл. Адам ауылдан өсіп-өніп, болашаққа қадам басады.
Осы орайда "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Ауыл-ел бесігі" арнайы жобасы аясында Түркістан облысы Келес ауданында 53 шақырым болатын 21 көшеге тас төселген болса, 150 шақырымнан асатын 97 көшеге асфальт төселді. Нәтижесінде елді мекендердегі ішкі көшелердің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдың үлесі 24%-дан екі есе артты.
Жоба ағымдағы жылы жалғасын тауып, Ошақты, Біртілек, Жүзімдік ауылдық округтері мен Жолбасшы және Жүзімдік елді мекендеріндегі 30 шақырымнан асатын 18 ішкі жолдар жөндеуден өтеді. Бүгінде жолды жөндеу жұмыстар басталды. Биыл сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен 41,5 шақырымға, яғни 24 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, яғни асфальт жол салып, шағал-тас төсеу жоспарлануда.
Жалпы аудан бойынша республикалық маңызы бар 78 шақырым автомобиль жолы бар. Оның ішінде қанағаттанарлық жағдайы 78,3% құрайды. Ал, облыстық маңызы бар 261 шқ. автомобиль жолының қанағаттанарлық жағдайы 76,5% құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, "Ауыл-ел бесігі" арнайы жобасының мақсаты - замануи өмір стандарттарына сәйкес ауылда өмір сүру сапасы мен деңгейін жақсарту, ауылдың әлеуметтік инфроқұрылымын дамыту болып табылады.