Ауылда жолдар жаңартылуда

Oinet.kz 15-08-2021 890

Screenshot_3.jpg

Ауыл - тіршілік тамыры. Өркениет атаулының бәрі ауылдан бастау алған. Әлемдегі ең ірі Нью-Йорк қаласының өзі кезінде ауылдан өсіп мегаполиске айналды. Ауыл - тіршіліктің ажырамас бір бөлігі. Сондықтан да адам өмірінде ауылдың алар орны өте ерекше. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласында ауылды жерлерді ұмыт қалдырмай, керісінше, бар назарды ауылға салу керектігін жазған болатын. Ауыл көркейсе - мемлекет те көркейеді. Себебі мемлекетті азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған - ауыл тұрғындары. Осы орайда ауыл тұрғындарына өмір сүруге жайлы орта жасап беру - басты назарда. Инфрақұрылым жүйелері тартылып, жолы салынған ауыл халқы өз жұмыстарымен алаңсыз айналысады. 

"Ауыл-ел бесігі" арнайы жобасы аясында Түркістан облысы Арыс қаласына қарасты Байырқұм ауылдық округіндегі автомобиль жолдары жаңартылуда. Ағымдағы жылы Байырқұм ауылдық округіндегі 10 шақырымды құрайтын 11 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, Арыс қаласындағы жалпы қанағаттанарлық жолдың үлесі 77% артады деп күтүлуде.

Қазіргі таңда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін 11 көшенің 2 көшесіне асфальт төсеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 9 көшенің жөндеу жұмыстары бекітілген өндірістік кестеге сәйкес ағымдағы жылдың қазан-қараша айында аяқталады.

Осылайша Байырқұм тұрғындары тақтайдай тегіс жолда зулап қатынайтын күн алыс емес.

​«Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында 100-ге жуық көше жөнделді
"Ауыл-ел бесігі" арнайы жобасы жемісін беруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу