Тарихи жәдігерлер өткен күннен сыр шертіп тұр

Oinet.kz 19-08-2021 797

Screenshot_2.jpg

Әрбір қазақстандық өз елінің тарихын біліп, оны құрметтегені абзал. Туған жерінің тарихымен сусындап өскен бала Отанға адал қызмет етеді. Осы орайда оларға тарихи жәдігерлерді насихаттаған абзал. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар" мақаласында тарихқа құрметпен қарау керектігіне баса назар аударған еді.

Түркістан облысы Шардара ауданының музейіндегі тарихи жәдігерлер тұрғындарға көне дәуірден сыр шертіп тұр. Шардара су электр стансасы мен су қоймасы құрылыстары бастау алған 1958 жылы ауданға Москва мен Алматыдан В.И.Вайнберг, Л.Г.Максимова, А.Н.Бернштам, Г.И.Пацевич, Е.И.Агеева сынды білікті археолог-ғалымдар арнайы келіп жоғарыда аталған тарихи орындарға археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген. Қазба жұмыстарының нәтижесінде тарих ғылымы үшін баға жетпес құнды жәдігерлер табылды. 

Шардара ауданындағы қазба жұмыстарының елеулі бөлігі 1958-1963 жылдары жүргізілген және 1982 жылы Н.П.Подушкин бастаған Шымкент педагогика институты археологиялық отряды экспедициясы Ұзын Ата ауылдық округінде Ақтөбе қалашығына археологиялық зерттеулер жасаған. Жоғарыда айтылып өткен тарихи нысандардан кездейсоқ табылған құнды жәдігерлердің едәуір бөлігі қазіргі уақыттарда Шардара аудандық тарихи-өлкетану музейі қорына енгізіліп, экспозиция арқылы ұдайы түрде көпшілік назарына ұсынылуда. 

Шардара ауданындағы тарихи нысандардан көне жәдігерлердің бірі де бірегейі қыш құбырлар. Бұл жәдігерлер Шардара су қоймасы жағалауынан кездейсоқ табылған. Тамыз айы соңы қыркүйек айының бас кезінде су қоймасынан су тартылған уақытта бір мүйіс пайда болады және сол орыннан шашылып жатқан қыш бұйым сынықтары т.б көптеген көне бұйымдардың ұсақ сынықтары кездескен. Аудан музейіндегі қыш құбыр сол орында көмулі күйінде созылып жатқан жерінен табылған. 

Бірнеше дана қыш құбыр сынықтары жинақталып,  нәтижесінде музейде желімделіп, құрастырылды. Қазіргі таңда ұзындығы 80 см және 1 метрге жуықтайтын қыш құбырлар фрагменттері музей экспозициясынан тұрақты орын алған. 

Сайрамда жас таланттарға қолдау көрсетілді
​«Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында 100-ге жуық көше жөнделді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу