Мәслихат депутаттарын сайлауға дайындық барысында 100 мыңнан астам адам оқытудан өтті

Oinet.kz 27-11-2026

Сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын даярлау мақсатында еліміз бойынша 6 мыңға жуық оқыту іс-шарасы өткізілді. 

Screenshot_10.png

Оларға барлығы 101 896 адам қатысты. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында хабарлады.

Сондай-ақ сайлау комиссиялары мүшелеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында науқанның басында Орталық сайлау комиссиясы оқу-әдістемелік кешен мен округтік сайлау комиссияларына арналған нұсқаулық әзірлеп, өңірлерге жолдануын қамтамасыз етті.

«Сайлау науқанына тартылған сайлау комиссияларының 

86 мыңнан астам мүшесі толық көлемде оқытудан өтті. Олар үшін каскадтық оқыту әдісін қолдана отырып, 3 814 семинар ұйымдастырылды. Бұл ретте округтік сайлау комиссиялары мүшелерін даярлауға басымдық берілді. Білім деңгейін тексеру мақсатында сайлау комиссияларының барлық мүшесі кезең-кезеңімен қашықтан тестілеуден өтіп, тиісті сертификаттар алды. Бұдан бөлек өңірлерде саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларына қажетті ақпараттық-түсіндіру және оқыту жұмыстары жүргізілді. Оның аясында 2 мыңға жуық іс-шара өткізіліп, оларға 15 887 адам қатысты», - деп хабарлады Шавхат Өтемісов.

Айыппұлын төлемеген жүргізушінің көлігі қамаққа алынды
Более 100 тысяч человек прошли обучение при подготовке к выборам депутатов маслихатов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу