Экономикалық өсімнің негізі – инфрақұрылым
Сайрам ауданында халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында инфрақұрылым саласына ерекше басымдық беріліп отыр.
Экономиканың тұрақты дамуына ықпал ететін маңызды салалардың бірі – газбен қамтамасыз ету жүйесі. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың бірі – Құтарыс ауылдық округіне қарасты Құтарыс пен Қызылжар елді мекендерін табиғи газбен қамтуға бағытталған жоба. Аталған ауқымды құрылыс 2020 жылы басталып, биыл толық аяқталуы тиіс.
Құрылыс барысымен аудан әкімі Арман Сабитов арнайы барып танысты. Нысан басында жүргізіліп жатқан жұмыстар пысықталып, жобаның орындалу деңгейі жан-жақты талқыланды. Аудан басшысы халық көптен күткен газ инфрақұрылымының сапасына ерекше назар аударып, анықталған кемшіліктер бойынша мердігер мекемеге нақты тапсырмалар жүктеді.
Газ тарту жұмыстарының әлеуметтік маңызын атап өткен Арман Сабитов бұл жобаның өңір халқының әл-ауқатын арттыруға қосар үлесі зор екенін жеткізіп, құрылыс жұмыстарын таяу арада толық аяқтауды тапсырды.
С.СӘУЛЕБАЙ