Конституцияға жаңа талап: Жемқорлар енді сайлауға қатыса алмайды

Oinet.kz 26-01-2026 52

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысында сенатор Нұрлан Бекназаров  сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар азаматтардың сайлауға қатысу құқығын конституциялық деңгейде шектеуді ұсынды деп жазады Оinet.kz порталы.

image.png

Депутаттың айтуынша, бұл өзгеріс қоғамның әділет пен адалдыққа деген қазіргі талабына толық сай келеді. Қолданыстағы Конституцияға сәйкес, бүгінде әрекетке қабілетсіз деп танылғандар мен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар сайлау мен референдумға қатыса алмайды. Енді бұл шектеуге жемқорлық қылмысына қатысы бар тұлғаларды да қосу көзделіп отыр.

Нұрлан Бекназаровтың пікірінше, егер азаматтың сыбайлас жемқорлыққа қатысы сот арқылы дәлелденсе немесе оның өтелмеген соттылығы болса, ол мемлекеттік билікке сайлану құқығынан біржола айырылуы тиіс.

Сенатор бұл қадам қоғамда жағымсыз пікір қалыптастырған жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, саяси жүйеге деген сенімді арттыруға ықпал етеді деп санайды.

Экономикалық өсімнің негізі – инфрақұрылым
Руслан Өтепбай Зүлфия Төленованың үстінен қылмыстық іс көтерілгенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу